Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бұрын жезөкшелікпен айналысқандар АrtSport аясында балаларға сабақ берген

АrtSport бағдарламасын жүзеге асыру барысын тексеру кезінде 6 мыңға жуық баланың жалған тіркелгені анықталды. Салдарынан 1,1 млрд теңге бюджет қаржысы жымқырылған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрын жезөкшелікпен айналысқандар АrtSport аясында балаларға сабақ берген
фото: ашық дереккөзден

«Тексеру барысында үйірмелер мен спорт секцияларына 6 мыңға жуық баланы жалған ресімдеу арқылы 1,1 млрд теңге бюджет қаржысының ұрланғаны анықталды. Кей өңірде (Алматы, БҚО, ШҚО, Маңғыстау облысы) балалармен білім-білігі жоқ, шығармашылық пен спортқа мүлдем қатыссыз, тіпті бұрын жезөкшелік және жыныстық қолсұғушылық қылмысы үшін сотталғандар жұмыс істеген. Ал басқа облыстарда үйірме және секция залдары санитарлық талаптарға сәйкес келмеген», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ресми ақпаратта мемлекеттік шығармашыл және спорттық тапсырыстарды жариялау ережесі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілмегені айтылған. Тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір де бір қорытынды алынбаған.

«Прокурорлардың алаяқтық, ұрлық, пара беру және пара алуды анықтаған фактілері бойынша (18 іс) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы басталды. 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, сол сияқты 94 бизнес субъектісінің құқығы қорғалып, 50 жалдау шарты бұзылды», - дейді ведомстводан.

Жоғарыдағы жайтқа байланысты Бас прокуратура АrtSport бағдарламасы шарттарына өзгеріс енгізілгенін хабарлайды. Яғни, ваучер саны біреуге дейін қысқарды (бұрын 2 балаға дейін жазылу мүмкін еді), сонымен қатар санитарлық талаптар күшейтіліп, ең төменгі жас шегі өзгертілді (бұрын еркін күреске қабылдау 5 жастан басталса, қазір 10 жастан).