Қызылорда тұрғыны көпірден секіріп қаза тапты

Қызылордада 12 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында полицияға Қазбек би мен Қазантаев көшелеріндегі көпірден әйелдің секіріп, суицид жасауға әрекеттенгені жөнінде хабар түсті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда тұрғыны көпірден секіріп қаза тапты
фото: Polisia.kz

Жедел-тергеу тобы оқиға орнына жеткен. Өкінішке қарай, азаматшаның қайтыс болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті  сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.