Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

15 рет пышақ сұққан: Қостанайда зейнеткерді өлтірген әйел адам ұсталды

Қостанайда тонау кезінде болған зейнеткердің өлімі туралы іс қылмыстық сотта қаралады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

15 рет пышақ сұққан: Қостанайда зейнеткерді өлтірген әйел адам ұсталды
фото: nijnekamsk.bezformata.com

Аlau.kz хабарлауынша айыптау актісіне сәйкес осы жылдың 1 қыркүйегінде 1977 жылы туған Қостанай қаласының тұрғыны 9-шағын ауданда орналасқан № 15 дүкеннің жанында алтын зергерлік бұйымдар таққан қарт әйелді көреді.

Зейнеткердің үйіне аңдып барып, баспалдақ алаңына жеткенде шабуылдаушы оған 15 рет пышақ сұққан. Содан кейін ол жәбірленушіден алтын бұйымдарын алып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші көп қан жоғалту және травматикалық шок салдарынан сол жерде қайтыс болды. Күдікті кісі өлтірді деген айыппен сотқа берілді.

Тергеу алдағы күндері басталады.