Гранттардың басым бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары мамандарын дайындауға арналған, деп хабарлайды Paryz.kz.
2023-2024 оқу жылында 88 204 студент мемлекеттік грант бойынша білім алады. Грант саны биылғы оқу жылына бөлінген мөлшерден 19 пайыз немесе 16 500 грантқа артық. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 73 061 грантты құраған болатын. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің құжатынан белгілі болды.
Құжатта соңғы 5 жылда грант саны 50%-дан астам артқаны жазылған:
2023-2024 оқу жылына бакалавриат бойынша мемлекеттік білім гранттары келесі мөлшерде бөлінді:
Бұлардан бөлек, шетел азаматтарын халықаралық келісімдер бойынша оқытуға және қазақстандық студенттерді шетелдік университеттерді оқытуға арналған гранттар бар.