"Мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамын" - Ақтаудағы алаяққа қатысты сот үкімі шықты

Ақтауда тұрғындардан мұнай компаниясына "жұмысқа орналастырамын" деп ақша алған алаяққа қатысты сот үкімі шықты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамын" - Ақтаудағы алаяққа қатысты сот үкімі шықты
фото: ortcom.kz

Маңғыстау облыстық сотында адамдарды мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, ақша алған ер адамға үкім шықты. Сотта күдікті ер адам 2019-2021 жылдар аралығында осындай жолмен бірнеше адамды алдағаны анықталды.

Сот оны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталушы кәмелетке толмаған балаларының бар екенін айтып, сот үкімін орындауды кейінге қалдыруды, ал оның қорғаушысы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертіп, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады, - делінген хабарламада.

Апелляциялық алқа жазаны әділ және дұрыс деп тапты. Сондықтан үкім өзгеріссіз қалдырылды.