Бірнеше шағын ауданда таңертеңгі сағат 10-да ауа ластануының қауіпті деңгейі тіркелді. Ал күйік иісін Есілдің сол жағалауындағы тұрғындар да сезді.
Бүгін елорда көшелерін қалың түтін басты. Бірден 5 метеостансада ауаның ластануы байқалды, деп хабарлады paryz.kz.
Көрсеткіштер шекті рұқсат етілген нормадан едәуір асты. Бірнеше шағын ауданда таңертеңгі сағат 10-да ауа ластануының қауіпті деңгейі тіркелді. Ал күйік иісін Есілдің сол жағалауындағы тұрғындар да сезді.
Қазгидрометтің мәліметінше, қала бойынша атмосфералық ауа қабатын 10 бақылау стансасы зерттейді. Сондай-ақ дауылды ескерту бірнеше облыста жарияланды. Атап айтсақ, Қостанай, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында қатты тұман болады деп күтілуде.