Ата-анасының мерейтойына тосынсый жасаған балаларының әрекеті Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды paryz.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеоны TikTok-қа Динара Шоканаева есімді қолданушы жүктеген. Оның сөзінше, ата-енесінің 60 жас мерейтойы болған екен. Ол күйеуімен ата-анасын кәуәп жеуге барамыз деп мейрамханаға алып келген.
Мейрамханаға кіріп есікті ашқан кезде туыстары мен жақындары жиналғанын көріп, ата-анасы аң-таң болып, қуана кетеді. Алайда ата-аналары туыстары жиналғанынан бейхабар болған.