Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жастар арасындағы өлімді көбейтіп жатқан ауру белгілі болды

Қытай дәрігерлері жастардың қант диабетіне жиі шылдығып, соның салдарынан көп қайтыс болып жатқанын анықтады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Жастар арасындағы өлімді көбейтіп жатқан ауру белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден

Қытайдағы Харбин медициналық университетінің ғалымдары BMJ сайтында өз зерттеуін жариялады. Олардың айтуынша, соңғы 30 жылда дүние жүзіндегі жасөспірімдер мен жастар арасында 2-ші типті қант диабетініңжиілігі айтарлықтай артқан.

Ғалымдар 2019 жылдан бері 204 елде 15 және 39 жас аралығындағы адамдардың қатысуымен зерттеу жүргізді. Сол арқылы олар 1990 жылдан 2019 жылға дейін бүкіл әлем бойынша жасөспірімдер мен жастардың аурушаңдықтың айтарлықтай көбейгенін анықтады. Өлім-жітім деңгейінің өскені де байқалды.

Жалпы алғанда, 2-ші типті қант диабетімен ауыратындар мен одан өлетіндер салмағы көп әйелдер арасында жиі кездеседі екен. Дегенмен семіздік ерлер үшін де қауіпті фактор саналады. Ғалымдар бұл зерттеу жастар арсындағы қант диабетімен күресудің тиімді шараларын жасауға мүмкіндік беретінін айтып отыр.