"Наша газетаның" мәліметінше, жаңадан салынған үйлер жақында иелеріне берілуі керек еді. Алайда олар өз пәтерлеріне әзірге кіре алмайтын сияқты.
Бұл — Қонай ыұшамауданындағы №1, 2 және 3 үйлердің салынып біткенін көптен күтіп жүрген "Отбасы банкі" салымшыларының жанайқайы. Пәтерлердің жағдайы жаман. Үйлеріміз 2021 жылы пайдалануға берілуі керек еді. Бірақ кілттерімізді әлі ала алмай отырмыз,
— дейді жергілікті тұрғын.
Қостанай қалалық құрылыс бөліміндегілер "барлық олқылық 13 желтоқсанға дейін жойылады" деп сендірген. Әкімдіктегілердің айтуынша, құрылысқа жауапты болған компаниямен келісім-шарт бұзылыпты. Себебі үй құрылысы кезінде олар бірқатар қателік жіберген.
Сондай-ақ әкімдік мемлекеттік сатып алу бойынша жаңа конкурс жарияланғанын жеткізді. Конкурста жеңіске жеткен мердігер тұрғындар қоныстанғанға дейін барлық ақауларды жоюы тиіс.