Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қостанайдағы үйдің ішін мұз басты

Жергілікті тұрғындар Қонай ықшамауданындағы әлі тапсырылмаған пәтерлердегі мұз басқан суреттер мен видеоларды көрсетті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Қостанайдағы үйдің ішін мұз басты
Фото: наша газета

"Наша газетаның" мәліметінше, жаңадан салынған үйлер жақында иелеріне берілуі керек еді. Алайда олар өз пәтерлеріне әзірге кіре алмайтын сияқты.

Бұл — Қонай ыұшамауданындағы №1, 2 және 3 үйлердің салынып біткенін көптен күтіп жүрген "Отбасы банкі" салымшыларының жанайқайы. Пәтерлердің жағдайы жаман. Үйлеріміз 2021 жылы пайдалануға берілуі керек еді. Бірақ кілттерімізді әлі ала алмай отырмыз,

— дейді жергілікті тұрғын.

Қостанай қалалық құрылыс бөліміндегілер "барлық олқылық 13 желтоқсанға дейін жойылады" деп сендірген. Әкімдіктегілердің айтуынша, құрылысқа жауапты болған компаниямен келісім-шарт бұзылыпты. Себебі үй құрылысы кезінде олар бірқатар қателік жіберген.

Сондай-ақ әкімдік мемлекеттік сатып алу бойынша жаңа конкурс жарияланғанын жеткізді. Конкурста жеңіске жеткен мердігер тұрғындар қоныстанғанға дейін барлық ақауларды жоюы тиіс.