09.12.2022, 15:50

Көкшетауда автобус өртеніп 18 адам эвакуацияланды

фото: Azattyq Ruhy

Көкшетауда кәсіпорын қызметкерлерін тасымалдайтын автобус өртеніп, ішінен 18 адам эвакуацияланды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

«10 ш.м. алаңда «ПАЗ-762» маркалы қызметтік автобустың жануы орын алды. Өрт 08:48-де оқшауланып, 08:55-те жойылды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі – анықталуда. Оқиға орнына ТЖД 11 қызметкері мен 2 өрт сөндіру машинасы шықты», – деді Көкшетау қаласы ТЖ басқармасының аға инженері Асқар Сафаров.

Ақмола облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына автокөлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауқажеттігін еске салады, сондай-ақ жүргізушілер автокөліктерін өрт қауіпсіздігіне тексерулері қажет.