Сабина Алтынбекова спорт жайында мәлімдеме жасады

Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова мәлімдеме жасап, үлкен спортқа қайта оралғанын жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Сабина Алтынбекова спорт жайында мәлімдеме жасады
фото: ru.sputnik.kz

Бұл туралы спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Сабина Алтынбекова жазбасында Біріккен Араб Әмірліктерінің чемпионатында өнер көрсететін клубтың ойыншы атанғанын жеткізген. Оның сөзінше, ұжымның атауы "Әл-Васл".

Сонымен қатар отандық спортшы қолдау көрсеткен барша жанкүйерлеріне алғысын білдіруді ұмытқан жоқ. 

Еске сала кетсек, Сабина Алтынбекова 2020 жылы тұрмысқа шыққан болатын. Содан кейін спортшы мансабын уақытша тоқтата тұрған еді.