Астанада өрттен 17 адам қайтыс болды

Жыл басынан бері тек Астана қаласында 748 өрт тіркелген. Салдарынан 17 адам қайтыс болды деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Астанада өрттен 17 адам қайтыс болды
Фото: liter.kz

Қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың соңы осындай қайғылы жағдайға алып келуде. Өрт сөндіру көліктері көпқабатты тұрғын үй аулаларына кептелістен кіре алмайды екен. Оған қоса, пәтер иелерінің копперативтері де өрт кезінде қолданатын құрал-жабдықтарды орнатпайтын көрінеді.

Астана қаласы ТЖД Сарыарқа ауданы төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Айдана Мәдиеваның мәлімдеуінше, өрттен зардап шегіп, қайтыс болғандар саны 17 адам. 2021 жылмен салыстырғанда 54,5% көп. 2021 жылы 11 адам қаза болды. Өрттің салдарынан. Мұның барлығы адамдардың мүліктеріне өздерінің жағдайларына немқұрайлы қарағандықтан. Қанша жерден ТЖД ескертіп жатамыз. Профилактикалық жұмыстарды күнделікті жасаймыз. Әлеуметтік осал топтар ерекше назарда тұр. Соның өзінде өрт қауіпсіздік ережелері сақталмайды. Енді бұл адами фактор ғой.