Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан мұғалім оқушылардан “дініңіз, кітабыңыз, мұсылманбысыз, пайғамбарыңыз кім? ” деген сияқты сұрақтар қойып жатқанын көруге болады.
Алматы қаласы Білім басқармасы видеоролик қала мектептерінің бірінде түсірілгенін мәлімдеді.
Қазақстан — зайырлы мемлекет, ал мектеп – зайырлы оқу орны. Білім беру ұйымдарында мұғалімдер тек мемлекеттік білім беру стандарты мен бекітілген бағдарламалар аясында сабақ өткізуге міндетті. Басқа іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімге шара қолданылады - деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.