Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

135 млрд теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғандар жазаланды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру арнасының жолы кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

135 млрд теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғандар жазаланды
фото: kapital.kz

Ведомство ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2022 жылғы шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Заңға қайшы іс-әрекетке шетелдік азаматтарды қоса есептегенде 300 адам және 500 жуық жалған компания мен 5 мың контрагент тартылған болып шықты.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 5 желтоқсанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты ҚР ҚК 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әртүрлі жаза мерзімдеріне соттады.

Сондай-ақ Комитет өкілдері осы қылмысты тергеу тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік бергенін бас айтты.