Павлодарда жаңа құбыр жарылып, жол бойын су басты

Желде Павлодарда көшелерінің бірін су басқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Павлодарда жаңа құбыр жарылып, жол бойын су басты
Фото: ашық дереккөзден

Pavlodarnews.kz мәліметінше, оқиға Исеналиев көшесі,1 мекенжайында болған.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС дерегіне сүйенсек, 7 желтоқсан күні «Толағай» ЖШС мердігер ұйымы Исеналиев көшесі бойында жаңа құбырды қайта қосу жұмысын жүргізген.

Жұмыстың сапасыз орындалуы салдарынан құбыр жарылып, жолдың бойын су басқан.