Жетісу облысында өлі аюмен суретке түскен ер адам ұсталды

Суреттегі адам 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты

Жетісу облысының полицейлері атылған аюмен суретке түскен ер адамды анықтады. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлады деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Жетісу облысында өлі аюмен суретке түскен ер адам ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

«Белгілі болғандай, фотосурет осы жылдың қыркүйек айында Ескелді ауданының тауларында түсірілген. Суреттегі адам 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне айғақ беру үшін жеткізілді»,- делінген хабарламада.

Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 337-бабына сәйкес «Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларды заңсыз аулау» іс жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеуді Жетісу облыстық Полиция департаменті бақылауға алды.