Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жұмысқа орналасу үшін енді диплом жеткіліксіз

Диплом - біліктіліктің кепілі емес. Сондықтан енді, жұмысқа тұру үшін жоғарғы оқу орнын бітіру жеткіліксіз болуы мүмкін. Елімізде жұмыс күшінің дағдыларын арттыруға қатысты өзгерістер енгізілмек деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Жұмысқа орналасу үшін енді диплом жеткіліксіз
Фото: inform.kz

Кез-келген жұмыс беруші алдымен тәжірибе сұрайды. Ал оқуды жаңа бітірген жаста ол қайдан болсын!

Халықты жұмыспен қамту орталығының ақпаратынша, қазір Алматы қаласы бойынша 20.000-нан астам адам жұмыссыз. Оның 30-40%- жастар.

Өз мамандықтары бойынша бітірген азаматтардың қазіргі таңда көбісі жұмыс іздеп жүр және жұмысқа тұра алмай жүр. Оның басты себебі жұмыс берушілердің тәжірибе, арнай опыт, квалификация сұрауы. Қолында дипломы болса да, дәрмені жоқ жас маман, амал жоқ, басқа салаға кетіп жатады. Бұл мәселені шешу үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа сертификаттау жүйесін іске қоспақ. Кәсіби стандарттар мен талаптарға сәйкес, маманның еңбек дағдысы бағаланады, - дейді Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының уақытша жұмыс орындары бөлімінің маманы.

Қазір формалды емес білім алу бағыттары бойынша сұраныс жоғары. Бірнеше жыл емес, бір жарым ай ішінде мамандықты толықтай игеру үшін жастар арнайы курстардың көмегіне жүгінгенді жөн көреді.

Бүгінгі таңда дипломның болуы біліктілік деңгейінің көрсеткіші емес екенін мойындауымыз керек. Сондықтан жұмыс берушілердің көбісі нақты жұмыс өтілінің болуын талап етеді. Бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болуда, - дейді  министр Тамара Дүйсенова.

Елімізде кәсіптік біліктілік туралы заң қабылданса, қызметкердің нақты дағдысы мен құзыретін растайтын сертификат жұмысқа тұруда артықшылыққа айналады. Бұл талай жастың тұрақты табыс табуына жол ашпақ.

Жұмыс берушілер қазір өздері көбісі требовать етеді. Барып, курс өтіп келіңіз деп, өйткені ЖОО-да теоритический оқытады. Практиканы біле білмейді. Онлайн курстардың бір жақсы артықшылығы осы деп ойлаймын, - деп жауап берген Курс тәлімгері Роза Аяпбергенова.