Нұр-Сұлтанда жасөспірім егде адамды тепкіледі

Іздестіру шараларының нәтижесінде үш күдікті ұсталған.

Нұр-Сұлтанда жасөспірім егде адамды тепкіледі
Фото: видеодан алынған кадр

Елорда көшелерінің бірінде жасөспірім себепсіз бір тұрғынды тепкіледі, деп хабарлады paryz.kz, Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көшедегі камераға түсіп қалған кадрда жігіт жол бойында кетіп бара жатқан адамның артқы жағынан жүгіріп келіп, арқасынан тебеді. Бұзақы бұл ісін бірнеше рет қайталайды. Содан жәбірленуші азамат полиция қызметкерлеріне хабар береді. Іздестіру шараларының нәтижесінде, үш күдікті ұсталған. Күдіктілердің сөзінше, олар тұрғынды әдейі арандатып, төбелеспекші болған.

"Іздестіру шараларының нәтижесінде үш күдікті ұсталды. Олардың жасөсіпрімдер екені анықталды. Қазіргі таңда соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.