Тілсіз жау 3 адамның өмірін жалмады

Оқиға орнынан 1962 жылғы пәтер иесінің мүрдесі табылды.

Тілсіз жау 3 адамның өмірін жалмады
Фото: ашық дереккөзі

Қарағанды облысында екі бірдей өрт болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлады paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли аталған оқиғалар туралы баяндап берді. Өкілдің сөзінше, 4 желтоқсан күні сағат 12:28-де Абай қаласының бес қабатты тұрғын үйіндегі пәтерді өрт шарпыған. Үй ішіндегі заттар мен ағаштан жасалған терезе жақтаулары жанып кеткен.

Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы екі адамды құтқарды. 1953 жылғы ер адам улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнынан 1962 жылғы пәтер иесінің мүрдесі табылды.

Тағы бір өрт 5 желтоқсан күні таңертең Шахтинск қаласының Шахан кентінде көпқабатты үйдің пәтерінде болды. Үйге жедел жеткен өрт сөндірушілер үш жанды құтқарып, 1957 жылғы ер және 1962 жылғы әйел адамды ажалдан аман алып қала алмады. Өрт сағат 08:45-те сөндірілді.

Құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырып отыр.