05.12.2020, 19:00

Теңіз кенішіндегі жұмысшыларға қауіп төніп тұр

Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау басқармасы кен орнына қосымша 8 маманды жіберуге шешім қабылдады. 

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде қараша айынан бері 140 жұмысшыдан COVID анықталды, деп хабарлады paryz.kz.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Теңіз кенішінде өткен айдан бері коронавирус жұқтырғандардың саны 140-қа жетті. Оның 71-і соңғы 4 күнде жұқтырған.

"Теңіз кен орнындағы 315 орындық инфекциялық стационарда 15 маман жұмыс істейді. Қазір мұнда 111 науқас ем қабылдап жатыр. Стационар жүктемесінің пайызы - 35,2. Соған байланысты бүгін Денсаулық сақтау басқармасы Теңіз кен орнына қосымша 8 маманды жіберуге шешім қабылдады. Оның екеуі - дәрігер, екеуі - мейірбике және төртеуі - санитар", - дейді басқарманың баспасөз қызметі.