Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«Абай да қату керек пе?»: Қарағанды облысының Абай қаласында мұғалімдер жылы көрпе сұратып жатыр

Қарағанды облысының Абай қаласында ондаған көп қабатты үй мен мектептерде жылу жоқ. 30 мыңға жуық халықтың тең жартысы пәтерлерінде жылытқыштармен күнелтсе, мектеп мұғалімдері балаларға жылы көрпе сұратып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

«Абай да қату керек пе?»: Қарағанды облысының Абай қаласында мұғалімдер жылы көрпе сұратып жатыр
Фото: glavred.info

Жылуды суық жел үрлеп кетті - дейді жергілікті әкім .

Тұрғындардың айтуынша пәтерлеріне жылытқыш қосса да бойларын жылыта алар емес. Үйлеріндегі температура күндіз 12- 15 градусқа әрең жетеді, ал түнде тіпті төмен.

Қатты аязда жел болғанда үйден жылуды желмен выдувать етіп кететін моменттер болады. Жел басылды қазір түзеуі тиіс. Тұрғындар шаһарға жылу берілгенін жоққа шығармайды, бірақ жылудың қызуы жоқ. Себебі қысым жоқ, ыстық су айналмай тұр, циркуляция жоқ. Жылу орталығы ыстық суды айналдырып бере алмай отыр. Оны айналдыратын насостары жоқ немесе күші нашар деген сөз. ескірген жылу жүйесін насостарымен қоса ауыстыруға 20 млрд теңге қаражат қажет,- дейді Абай қаласының әкімі .

Тіпті бастапқы жөндеу жұмыстарының өзіне экономика министрлігі 3 млрд-тай теңгені бөлмей қойған.