Салдарынан 67 жастағы ауыл тұрғыны зардап шекті. Оның денесінің 40 процентін күйік шалған. Қазір ауруханада.
Алдын ала болжам бойынша, газ баллонын пайдалану ережесі сақталмаған. Содан жарылыс болып, үйдің шатыры өртенген. Асүй мен кіреберіс опырылып түскен. Өрт бір сағатқа жетпей сөндірілді.