ШҚО-да бес жолаушы мінген көлік мұзды ойып, 72 жастағы әйел қаза болды

6 желтоқсан күні сағат 19:44-те Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында қайғылы жағдай болып, жеңіл көлік суға батып кетті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

ШҚО-да бес жолаушы мінген көлік мұзды ойып, 72 жастағы әйел қаза болды
фото: pixy.org

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көлікте бес адам болған. Салдарынан 1950 жылы туған әйел адам суға батып қаза болды.

Қайғылы оқиға болған аумақта мұзға шығуға тыйым салынғаны туралы белгі қойылған.

"Су айдындарындағы мұздың қалыңдығы біркелкі емес. Жағалауға, қамыс пен өсімдік жамылғысының айналасына қар жиналады. Автокөліктердің қауіпсіз өтуі үшін мұз жамылғысының қалыңдығы - кем дегенде 30 см, жүк көлігі үшін автомобильдің салмағына байланысты 70 см-ден кем болмауы керек", - дейді ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы барды.Төтенше жағдайлар министрлігі көлікпен мұз үстіне шығу қауіпті екенін тағы еске салды.