Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қазақ файтері Мәскеу төрінде қанжоса боп төбелесті

Раунд ортасында Әділовтің қабағы жарылып кетіп, сегізбұрыштың іші қанға бөкті.

Қазақ файтері Мәскеу төрінде қанжоса боп төбелесті
Фото: видеодан алынған кадр

ММА-ден әлем чемпионы Санжар Әділов Мәскеуде өткен EFC 30 турнирінде қырғыз спортшысы Кайыпназар Бектурсунды қылқындыру әдесімен жеңді, деп хабарлады paryz.kz.

Жақында ғана Хабиб Нурмагомедов сатып алған GFC, қазіргі EFC промоушенінде отандасымыз Санжардың асығы алшысынан түсті. Ол 4 минут 45 секундқа ғана созылған айқаста қарсыласын қылқындырып, талдырып тастады. Бұл - оның кәсіпқой жекпе-жектегі алтыншы жеңісі.

Раунд ортасында Әділовтің қабағы жарылып кетіп, сегізбұрыштың іші қанға бөкті. Бетін қан жуып жатса да тоқтамаған Санжарға көрермендер дән риза.

Кезінде осы спортшы жайлы Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедов “Санжардың болашағынан үлкен үміт күтемін” деген болатын. Соны дәлелдеп келе жатқан жігіт жерлестерін қуантты.

Сондай-ақ, сол кеште жерлестеріміз Жасұлан Әкімжан, Азамат Марқабаев, Дияр Нұрқожай да жеңіс туын желбіретті.