Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

13 жастағы жалған террористтің ата-анасы 14,5 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Алматы облысында терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

13 жастағы жалған террористтің ата-анасы 14,5 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін
фото: Polisia.kz

30 қарашада Талғар аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне колледждердің бірінде терроризм актісі болатыны жайында ақпарат келіп түскен. 

Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шақырылып, барлық ғимарат тексерілді. Ақпарат расталмады. Бұл құқық бұзушылық Талғар ауданы ПБ-да ҚР ҚК 273-бабы “Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама” бойынша тіркелген.

Жедел-іздестіру жұмыстары барысында ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 13 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеушілер кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері мен психологтардың қатысуымен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (бүгінгі күні – 14,5 млн теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстары түріндегі жаза, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделген.