ҚР Энергетика министрлігі Астанадағы автожанармай құю бекеттеріндегі сұйытылған газ тапшылығы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, 6 желтоқсанда Астананың сұйытылған газға деген қажеттілігі қанағаттандырылды.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 1 900 тонна сұйытылған мұнай газы бар.
Сонымен бірге "Орталық газбен жабдықтау" ЖШС компаниясының ақпаратына сәйкес, қаланың топтық резервуарлық қондырғылары толтырылды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде астанадағы жанармай құю бекеттерінде автогаз тапшылығы байқалатыны және ол тек талондар бойынша беріліп жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді.