Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстанда автомобиль өндірісінің деңгейі қандай?

2019 жылы 182 жедел жәрдем автокөлігі өндірілген.

Қазақстанда автомобиль өндірісінің деңгейі қандай?
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан 2020 жылы автомобилдер мен басқа да өздігінен жүретін техникаларды шығаруды ұлғайтты, деп хабарлады paryz.kz, ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандық өндірушілердің ақпараты бойынша, 2020 жылдың 11 айда Қазақстанда 1167 санитарлық, ал 2019 жылы 182 жедел жәрдем автокөлігі өндірілген.

2020 жылы 10 айда отандық автокөліктердің өндірісі ақшалай көлемде 495,4 млрд теңгеге жетті.

"Қазақстанда биыл 10 айда 873 комбайн, 1 857 трактор, 1 773 автобус, 6 031 жүк және арнайы техника, 52 138 жеңіл автомобиль өндірілді. 2019 жылы отандық кәсіпорындар 395 комбайн, 1 220 трактор, 1 057 автобус, 4 360 жүк және арнайы техника, 44 077 жеңіл автокөлік шығарды", - делінген министрлік хабарламасында.