Барлық полиция жасақтары бағдарланған, іздеуге Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және оқиғаға бей-жай қарамайтын адамдар жұмылдырылған. Қыз арықтау келген, шашы қара түсті. Үстінде қызғылт күртеше, мектеп юбкасы, қара етік және көк қалпақ болған. Жоғалған қыздың арқасында қызыл сөмке болды. Алматы қаласының полициясы қыздың жүрген жері, қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын мына телефондар арқылы дереу хабарлауға шақырады: 298-54-02; 8-702-730-07-08 немесе “102”.