Алматы полициясы жоғалған 9 жасар қызды іздестіріп жатыр

Полиция бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылы бойындағы үйден Алматының Түрксіб ауданында орналасқан мектепке шығып кеткен 9 жасар Айша Тимурды іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz - ке сілтеме жасап.

Алматы полициясы жоғалған 9 жасар қызды іздестіріп жатыр
фото: Polisia.kz

Барлық полиция жасақтары бағдарланған, іздеуге Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және оқиғаға бей-жай қарамайтын адамдар жұмылдырылған.

Қыз арықтау келген, шашы қара түсті. Үстінде қызғылт күртеше, мектеп юбкасы, қара етік және көк қалпақ болған. Жоғалған қыздың арқасында қызыл сөмке болды. Алматы қаласының полициясы қыздың жүрген жері, қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын мына телефондар арқылы дереу хабарлауға шақырады: 298-54-02; 8-702-730-07-08 немесе “102”.