Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ресей Қазақстан күрішін жаппай сатып алуда, бірақ Қарашөкеев «елімізде күріш жеткілікті» деп сендірді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстан халқына күріш жеткілікті екенін мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kz. ақпараттық агенттігі.

Ресей Қазақстан күрішін жаппай сатып алуда, бірақ Қарашөкеев «елімізде күріш жеткілікті» деп сендірді
фото: yujanka.kz

Айта кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары Ресейдегі күріш өнеркәсібіндегі күрделі жағдай Қазақстан нарығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін жазып, дабыл қаққан. Сала мамандарының айтуынша, Ресей өз өнімдерінің экспортына тыйым салу шеңберінде Қазақстанның күрішін жаппай сатып алып жатыр. Қазақ күрішінің көрші мемлекетке шектеусіз экспортталуы қант сияқты дағдарысқа алып келуі мүмкін дейді мамандар. 

Ресейдің өзі 1 шілдеде алты ай мерзімге өз күрішін экспорттауға тыйым салған. Бұл қадамды Ресей билігі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі бағаның тұрақтылығын сақтау үшін жасап отыр.

Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов осы мәселенің мәнісін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен сұрады. Министр «қазіргі ахуал тұрақты» деп сендіреді.

Ішкі нарықтағы ақ күріштің қоры 257 мың тонна. Біз жылдық тұтыну көлемін алар болсақ, ол 97 мың тонна. Яғни желтоқсаннан бастап күріш өнімдерінің жиналу кезеңінде тұтыну көемі 80 мың тонна. Яғни қазіргі қор үш есе көп. 9 айдың қорытындысы бойынша шетелге 70 мың тонна экспортталған. 80 пайызы Ресейге кеткен. Ішкі нарықтағы күріш жеткілікті. Экспортқа да шығаруға жағдай бар. Өндіруші зауытта күріштің бір келісі 256 келі. Көтерме бағалар 340-390 теңге. Қор жеткілікті - деп жауап берді Қарашөкеев.