06.12.2022, 11:50

Ақтауда 11 жасар мектеп оқушысы әлі іздестіру үстінде

фото: Lada.kz

Ақтауда Lider.kz қозғалысының еріктілері мен полицейлер жоғалып кеткен 11 жастағы Нұрислам Мамбековты іздестіріп жатыр деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқушы 4 желтоқсанда жоғалып кеткен. Сол күні ол сағат 16:35-те «Ақтау» сауда ойын-сауық орталығынан шығып, үйге қайтып келмеген.

Нұрислам – орта денелі, бойы – 150-155 сантиметр. Оның шашы қара, көзі қоңыр. Бетінде меңі бар. Қаракөк түсті күрте, көк бас киім, бүйірінде ақ жолағы бар қара шалбар киген. Жоғалған бала туралы мәлімет білетіндерден +7(700) 499-72-92, +7(700) 729-20-12 немесе 102 телефон номеріне хабарласуды сұраймыз.