Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ресейлік азамат Қарағандыда 15 жыл құлдықта болған

Еліне жеткен соң ең бірінші кезекте өзінің қабіріне барғысы келетінін айтады.

Ресейлік азамат Қарағандыда 15 жыл құлдықта болған
Фото: ашық дереккөз

Ресейлік Салават Ахматгареев Қазақстанда 15 жыл бойы құлдықта болған, деп хабарлады paryz.kz, “Астана” телеарнасына сілтеме жасап.

Жігіт әскерден кейін Қазақстанға келген. Мұнда құжаттарын жоғалтып алып, Қарағандыда бір адамның қолына құлдыққа түседі. Құлдықта 15 жыл бойы мал баққан.

Салават тек құлдықтан оны ұстаған адам қайтыс болғаннан кейін босатылады. Ал Ресейдегі туыстары оны өлдіге санап, жерлеу рәсімін де өткізіпті.

Салават соңғы 6 жыл бойы өзінің тірі болғанын дәлелдеп келіпті. Соңында оған паспорт берілген. Енді Ахматгареевке қоғамдық белсенділердің көмегін алуға болады. Шекара ашылған соң Ресейге қайтуды жоспарлап отыр. Еліне жеткен соң ең бірінші кезекте өзінің қабіріне барғысы келетінін айтады.

"Менің ендігі мақсатым - отаныма оралу. Қызымды, немеремді көргім келеді. Анамның қабіріне де бармақпын. Менің орныма кімді жерлегендерін, анама менің денемнің орнына кімдікін көрсеткенін де білгім келеді", - деді жәбірленуші азамат.