Ақтаудағы тұрғын үй кешенінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы екі диллер ұсталды.
Тінту кезінде мекен-жайдан бір ойын үстелі, покер ойнауға арналған 154 дана чип, покер ойындарына арналған 16 қорап карта және "марихуана" есірткі затын қолдануға арналған 2 қолдан жасалған баклашка тәркіленді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, 374 500 теңге, 200 доллар және 50 еуро көлемінде қаражат және "марихуана" есірткі затының құрамы бар бір орам тәркіленіп алынды.
Тұтқындау барысында бөлмеде покер ойнаған қызметкер мен келушілер болған.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 307-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.