Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

БҚО-да үш мыңға жуық шаруа қожалығы наразылыққа шығатынын ескертті

«Біз қақпаған есік қалмады»: Оралда 2,5 мың шаруа қожалығы наразылыққа шығуы мүмкін.Мал бағып күн көретін шаруалардың ашынуына ет өнімдерін өткізіп отырған зауытқа шенділердің бөгет жасауы себеп болып отыр. «Кублей» зауыты жабылса, қожалықтардан басқа, 700-ге жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

БҚО-да үш мыңға жуық шаруа қожалығы наразылыққа шығатынын ескертті
фото: Azattyq Ruhy

Даудың басы 2020 жылы «Кублей» зауытының жанынан әкімдіктің «Циолковский» тұрғын үй кешенін салуға рұқсат бергенінен басталған. Әкімдік 2014 жылы Үкімет бекіткен қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп, 2020 жылдың мамыр айында зауыттың санитарлық қорғау аймағынан көпқабатты тұрғын үй салуға рұқсат беретін қаулыны шығарып жіберген. Заңгер Бақытжан Базарбектің айтуынша, өндірістік аймақты тұрғын үй салатын жер деп өзгертіп, өтіп кеткен уақытпен заңдастырмақ болған.

Енді судья шешім шығарудың орынына тараптарды татуластыру сатысына өтеміз, шешім шығарылмайды, бұл іс қоғамда үлкен резонанс алды, сондықтан да татуласу керек дейді. Соттың шешімінен кейін «не арба сынатынын, не өзгіз өлетінін» біліп тұр. Бұл жерде бейтарап шешім жоқ. Өйткені Орал қаласы әкімінің қаулысы заңсыз шығарылған. Уәкілетті органдардың келісімі жоқ. Егжей-тегжейлі жобасы Орал қаласының бас жоспарына сәйкес болуы керек. Сәулет-қала құрылысы туралы талаптарға сай өнеркәсіптік аумақтарда тұрғын үй салуға тыйым салынған. Заңның аты – заң ғой енді.

Қоршаған ортаны қорғау схемасы жоқ, егжей-тегжейлі жоспарды дайындау тапсырмасы жоқ. Оларда негізгі уәкілетті органның қорытындысы, 8-9 уәкілетті органның келісімі, қала құрылысының топографиялық суреті, қала құрылысы зоналарын растайтын жоспар болуы керек. Одан бөлек, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды, экологиялық сараптаманың қорытындысы болуы қажет. Оның ешқайсы жоқ - деді заңгер Бақытжан Базарбек.