Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Чехияда "Азия Авто – Бипэк Авто" басшыларының бірі ұсталды

Чехия астанасы Прагада ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының өтініші бойынша "Азия Авто – Бипек Авто" компаниялар тобының жетекшілерінің бірі ұсталды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Чехияда "Азия Авто – Бипэк Авто" басшыларының бірі ұсталды
фото: Tengrinews

ҚР ІІМ мәліметінше, ол Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаменті аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған.

Қазір барлық айыпталушы қамауда. Оларды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

2021 жылдың 12 тамызында "Азия-Авто" АҚ компаниялар тобының негізін қалаушы Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды. Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Анатолий Балушкинге қатысты ҚР ҚК 190-бап, 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

2022 жылдың 11 шілдесінде кәсіпкер Анатолий Балушкиннің мүлкі тәркіленіп жатқаны белгілі болды. Шығыс Қазақстан облысында "Бипек" компаниялар тобының акционеріне қатысты іс бойынша сотқа дейінгі аралықта оны тәркілеу туралы өтінішхат жіберілді: 77 жылжымайтын мүлік ("Рахмановские ключи", "Нұртау" және "Порт-Фортуна" демалыс орындары) және 1 мың жылжымайтын мүлік.