ҚР ішкі істер министрлігінің мәліметінше, трансұлттық қылмыстық ұйымның құрамында Questra Holdings, Questra World, Atlantic Global Asset ЖШС қаржылық пирамидасы бар.
Астана полиция департаменті қаржылық пирамида басшысы – Ресей Федерациясының 35 жастағы азаматын Испанияда ұстады – делінген ІІМ хабарламасында.
Еске сала кетейік, қараша айында Қазақстандағы ең ірі қаржы пирамидасы Questra World құрылғаны хабарланған.
Тергеу барысында аталған ұйымды 2016 жылдың наурызынан 2017 жылдың маусымына дейін Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында құрғаны анықталды.