"Өкінішке қарай, дәрігерлердің көрсеткен медициналық көмегіне қарамастан 10 жасар ұл бала алған жарақатының салдарынан көз жұмды", – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Оқушылардың үшеуі травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы орташа ауыр. Төртінші бала ауыр жарақат алмағандықтан ауруханаға жатқызылмаған.
Көлік жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Айта кетейік, 25 қазан күні балалар жолды жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден кесіп өтпек болған. Lexus көлігі жолдан өтіп бара жатқан 5 баланы қағып кеткен еді.