Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда жалған ақша жасаған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Қылмыстық топ мүшелері ұсталар алдында ванна бөлмесінде жалған ақша түріндегі заттай дәлелдемелерді өртеп үлгерген.

Алматыда жалған ақша жасаған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қала аумағында жалпы сомасы 3 миллионннан астам теңге болатын 500 және 5000 теңге номиналдарында жалған ақша дайындау және өткізумен айналысқан 3 адамнан тұратын қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Тексеріс барысында бұрын сотталған бір топ азаматтың алдын ала келісім бойынша Ұлттық банктің жалған банкноттарын дайындап, өткізу мақсатында жасырын цех ұйымдастырғаны анықталды.

Сонымен, қылмыстық топтың тұрғылықты жеріндегі жалған ақша жасайтын цехқа бейімделген пәтерді тінту кезінде 3 ноутбук, түрлі-түсті принтерлер, еріткіштер, ультрафиолет жарықтандырғыш шам, ламинатор, 500 және 5000 теңге номиналындағы су таңбасының іздері бар клишелер, су таңбасын ығыстыруға арналған тығыздағыш, бояу құйылған бөтелкелер, флэш-жад құралдары тәркіленіп алынды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тәркіленген жалған банкноттардың жалпы сомасы 85 дана - 308 мың теңге болды.

Қылмыстық топ мүшелері ұсталар алдында ванна бөлмесінде жалған ақша түріндегі заттай дәлелдемелерді өртеп үлгерген.

Үш айыпталушы да ҚР ҚК-нің 231 бабы, 2-б., 1-т. ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу") сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 6 жылдан 9 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.