04.12.2020, 16:43

Тағы бір интернет алаяқтар пайда болды

Фото: ашық дереккөз

Сіз бонус алу үшін телефон нөміріңізді енгізуіңіз керек.

Алаяқтар қазақстандықтарға тегін интернет-трафикті уәде етіп жүр, деп хабарлады paryz.kz,  stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтар трафик үшін сайтта сіздің қалаңыздың бар-жоғын тексеруге шақырады. Осыдан кейін сіз бонус алу үшін телефон нөміріңізді енгізуіңіз керек.

Жалған интернет-ресурс "Қазақтелеком" АҚ атынан әрекет етеді. Қазір "Қазақтелеком" АҚ компаниясының қауіпсіздік қызметі мен басқа да құрылымдық бөлімшелер порталды тексерумен айналысып жатыр.