Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамына сәйкес, желтоқсанда ауа температурасы төмендеп, қар мөлшері артады деп хабарлайды Paryz.kz.

Желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы
Фото: kt.kz

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Қар жауып, желдің жылдамдығы 15-25 м/с-ге дейін күшейеді. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қалың қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Ал республиканың батысында және солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

«Республиканың батысында түнде -13…-23°С, күндіз -5…-15°С дейін; солтүстікте және орталықта түнде -25…-33°C, күндіз -12…-25°С дейін; шығыста түнде -25…-37°C, күндіз -17…-23°С дейін; оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -10…-22°С, күндіз -3…-13°С дейін ауа температурасы төмендейді», – делінген хабарламада.

Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының жиі өзгеруі ықтимал. Қар жауады, боран, екпінді жел соғады. Еліміздің оңтүстік жартысында жаңбыр жауады, көктайғақ болады.