Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мобильді интернет сапасының нашар болу себебін түсіндірді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.
«Бүгінде қалалардағы мобильді интернет үшін негізгі кедергі радио қызметтер екендігін үнемі айтып жүрмін. Радио қызмет мәселелерін реттеу үшін қазіргі уақытта Мәжілісте заңнамалық бастама талқыланып жатыр. Бір адамның шағымы үшін қалған 99 тұрғын зардап шекпеуі тиіс. Яғни, ол үйінің төбесінде базалық стансаның тұрғанын қаламаса, қалған 99 тұрғын қалайтын болса, онда біз базалық стансаны алып тастауға мәжбүр болмауымыз қажет. Бүгінде мыңдаған базалық стансаны басқа жаққа ауыстыруға мәжбүрміз», - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Оның атап өтуінше, базалық станса құрылғы саналады.
«Егер бұл құрылғы бір орында тұрақты тұрса, онда байланыс сапасы нашарламайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, стансаның тұрғаны біреуге ұнамаса, онда оператор жадбықты шешіп алып, орнататын жаңа орын іздеуге мәжбүр. Орнататын жерден бөлек, базалық станса ауыстыруға да қаражат кетеді. Ол тек темір құрылғы емес. Оған қажетті желі де тарту қажет. Яғни, базалық станса жұмыс істеуі үшін оған оптикалық кабель керек», - деді Бағдат Мусин.