Тасжүрек әке 4 жасар қызын ұрып-соғып, зорлап тастаған

"Есікті ашып, жарықты жаққанда, масқараның куәсі болады" деп жазды Дина Смайылова.

Тасжүрек әке 4 жасар қызын ұрып-соғып, зорлап тастаған
Фото: ашық дереккөз

Төрт жасар қызды туған әкесі өлімші етіп сабап, зорлаған. Бұл туралы "НеМолчи" қорының жетекшісі мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, Дина Таңсәрінің (Смайылова) Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Алғаш рет қыздың анасы 4 жасар қызының денесінде соққының іздерін көргеніне таң қалыпты. Содан сәуір айында құқық қорғаушыларға жүгінен.

"Бірінші рет ол биыл 28 сәуірде пандемия кезінде қоңырау шалды. Әйелдің айтуынша, күйеуі 4 жасар қызын ұрып тастаған. Ол көпбалалы ана болғанымен, отбасында жалғыз асыраушы болды. Күйеуі жатыпішер және ішімдікті жақсы көреді. Әйел балаларды жақсы көретін, үлкен отбасын армандайтын және кез келген қиындықтан қорықпайтын еңбекқор" деп жазды Дина Смайлова.

Әйел бар оқиғаны құқық қорғаушыларға баяндап берген.

"Қызым ойыншықтарды жинап, сөмкелер мен қораптар арасында ойнап жүргенде кенеттен көйлегі түріліп қалды. Баланың арқасынан көгерген ізді байқадым. Көйлегін шешкен кезде тағы бірнеше жарақатты көрдім. Қызымнан не болғанын сұрай бастағанда "Әкем мені қатты ұрды" деп айтты", - деген жәбір көрген қыздың анасы.

Қазір психологтар анасы және қызымен жұмыс істеп жатыр. Оның үстіне, отбасы мардымсыз жәрдемақыға өмір сүреді екен.

"Бұл бірінші рет болған жағдай емес екен. Сол күні ол үйге мас болып келген. Үй толы бала екеніне қарамастан, қызды бөлек басқа бөлмеге алып кетеді. Ал балалардың ішіндегі ересектеу ұлға жатын бөлмеге кірмеңдер деп ескертеді. Бұл кезде анасы кішкентайын емізіп отырыпты. Ұлы жүгіріп келіп, қарындасын әкесі жатын бөлмеге алып кіріп кеткенін, онда ешкімнің кірмеуін талап еткенін айтады. Сол кезде орнынан ұшып тұрған әйел жатын үйге қарай тұра жүгіреді. Есікті ашып, жарықты жаққанда, масқараның куәсі болады", - деп жазады Смайылова.

Қазір қаскүнем қамауға алынып, тергеу амалдары басталып кетті. Отбасына көмектескісі келетін жандар 8707 300 31 18 телефон нөміріне тіркелген Kaspi картасына ақша жібере алады.

ОН ЖЕ РОДНОЙ ОТЕЦ… Первый раз она позвонила 28 апреля этого года, в разгар пандемии. Она была в шоке и растерянности, ...

Опубликовано Dina Tansari Четверг, 3 декабря 2020 г.