28.11.2022, 11:10

40 жолаушысы бар автобус Алматы тасжолында тұрып қалды

Үржар ауданында 40 жолаушысы бар автобус Алматы тасжолында тұрып қалды деп хабарлайды Paryz.kz Police.kz-ке сілтеме жасап.

Тарбағатай ауданы Ақжар ауылынан шыққан көлік боран салдарынан тиісті жерге жете алмаған.

"Полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері жолда қалған барлық жолаушыларды эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекенге орналастырды", - делінген хабарламада.