Оқушылар қайтадан қашықтан оқу форматына көшті

Шешім 4 желтоқсандағы күн райының қатты төмендеуіне байланысты қабылданған.

Оқушылар қайтадан қашықтан оқу форматына көшті
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда оқу жылы басталғалы бері офлайн түрде оқып жүрген мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлады paryz.kz.

Шешім 4 желтоқсандағы күн райының қатты төмендеуіне байланысты қабылданған.  

Сеноптиктердің хабарлауынша, күннің қатты суықтығы келесі аптада да жалғаспақ.

"Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасының 2020 жылы 4 желтоқсандағы шешімі бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз -25 ) бірінші ауысымның бірінші және бесінші сыныптарының оқушылары үшін мектептердегі сабақтар қашықтықтан оқыту форматына көшетінін хабарлайды", - делінген ведомствоның хабарламасында.