Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Нұрсұлтандық тұрғын үй подъезінен картиналар ұрлаған (ВИДЕО)

Айтуынша, ол сол сәтте мас болған және әдемі дүниеге қызығып кеткен.

Видеодан скриншот

Жас жігіт кінәсін мойындап, түсінік берді және картиналарды қайтарған, деп хабарлады paryz.kz, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіне мілтеме жасап.

Полицияға "Манхэттон" тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан арыз түскен. Олардың айтуынша, белгісіз біреу бірінші қабатта қабырғада ілініп тұрған екі суретті ұрлап кеткен.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Есіл аудандық полиция басқармасы қылмыстық істі тексеру бөлімінің қызметкерлері жүргізген іс-шара барысында 24 жастағы астана тұрғыны ұсталды. Жас жігіт кінәсін мойындап, түсінік берді және картиналарды қайтарған.

Айтуынша, ол сол сәтте мас болған және әдемі дүниеге қызығып кеткен. Сондай-ақ азамат істеген ісіне өкінетінін мәлім етті. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.