Маңғыстау облыстық Полиция департаменті дене шынықтыру сабағының мұғалімі оқушыны ұрып жатқан видеоға қатысты тексеру жүргізіп жатыр деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі «Лада» басылымына сілтеме жасап.
Жаңаөзен қаласы білім басқармасы бұл факті бойынша арнайы комиссия құрылғанын және мектеп-гимназияның тәртіптік кеңесі отырысының шешімімен оқушыларға күш көрсеткен мұғалімнің ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы бойынша жұмыстан босатылғанын хабарлады.