Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қызылордада «IQ-ORDA» республикалық интеллектуалды байқауы өтті

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жаһандану заманында бәсекеге қабілетті, ұшқыр ойлы, интеллектуалды ұлт тәрбиелеу мақсатында «IQ-ORDA» республикалық интеллектуалды байқауы өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қызылордада «IQ-ORDA» республикалық интеллектуалды байқауы өтті
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Интеллектуалды сайысқа республикамыздың түкпір-түкпірінен 18-35 жас аралығындағы жастар қатысты. 

Байқауға облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы арнайы қатысып, шараны ашып берді. 

- Өздеріңіз білесіздер, мемлекет жастардың білім-білігін көтеру, бағыт-бағдар беру мен жаңа бастамаларға қолдау білдіруді әркез назардан қалыс қалдырған емес. Үкіметке, жергілікті атқару органдарына ұдайы тиісті тапсырмалар беріліп, жастар саясатын жүргізуге тұрақты көңіл бөліп келеді. XXI ғасыр білімнің, интеллектуалды адам капиталының заманы. Жастарға қай заманда да көп үміт артылған, артыла да бермек. Еліміздің барлық интеллектуал, эрудит жастарына бүгінгі сайыста сәттілік тілеймін, - деді Нұрымбет Аманұлы. 

Сайыста Атырау, Ақтөбе, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарынан, Алматы қаласы мен Қызылорда қаласы және барлық аудандардан келген үздік 20 команда өзара сынға түсті.
5 кезеңнен тұратын сайыста командалар қазақ және әлем әдебиеті, Тәуелсіз Қазақстан тарихы, логикалық, кино және музыка тақырыптары бойынша арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді.

Сайыс қорытындысымен, жүлделі I орынды Қазалы ауданынан келген «Қазалы» командасы (500 000 тг), II орынды Жалағаш ауданының «J-Team» командасы (300 000 тг), III орынды Алматы қаласынан келген «Әл-Фараби» командалары (200 000 тг) иеленді. Арнайы номинациялар (50 000 тг) «Бейбарыс сұлтан ұрпақтары» Атырау облысы, «Намысты елдің ұрпақтарымыз» Ақтөбе облысы, «7SU TEAM» Жетісу облысы, «Алаш Орда» Шығыс Қазақстан облыстарының және Қармақшы ауданының «Qadam» командасы мен Қызылорда қаласының №235 мектеп құрамасы «Көмекбай жастары» командаларына бұйырды.

Білімді, ізденімпаз, коммуникативті және тапқыр тұлғаларды даралайтын жоба ар аймақтың интеллектуал жастарын тоғыстырған бірегей жоба болды.