Із-түссіз жоғалып кеткен 26 жастағы Рудный тұрғынының мәйіті Әйет ауылынан 15 шақырым жерде табылды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.
Әзірге ер адамның қалай көз жұмғаны белгісіз.
"Іздеу шараларын жүргізу нәтижесінде Әйет ауылынан 15 шақырым жерде полицейлер із-түссіз жоғалған Рудный тұрғыны Владимир Борисовтың мәйітін тапты", – дейді Қостанай облысы полиция департаментінің өкілдері.
Бұған дейін Рудный тұрғынының Әйет ауылынан келер жолда жоғалып кеткені туралы хабарланған еді. Кейін полицейлер ер адамның көлігін темір жол бойынан тапқан.