Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды (ВИДЕО)

Тергеу барысында жас жігіттердің пластикалық терезені сығымдау арқылы букмекерлік кеңсеге заңсыз кіріп, кассирге белгісіз қару қолдану арқылы қауіп төндіріп, 773 мың теңге көлеміндегі ақшаны  иемденгені анықталды. 

Видеодан скриншот

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Шу ауданындағы букмекерлік кеңселердің біріне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін ауданның екі тұрғынын ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Жамбыл облысы Шу ауданының ПБ кезекші бөліміне сағат таңғы 04:30-да белгісіз біреулердің букмекерлік кеңсеге кіріп, қорқыту арқылы кассирден ақша алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Тергеу барысында жас жігіттердің пластикалық терезені сығымдау арқылы букмекерлік кеңсеге заңсыз кіріп, кассирге белгісіз қару қолдану арқылы қауіп төндіріп, 773 мың теңге көлеміндегі ақшаны  иемденгені анықталды.

Осыдан кейін олар белгісіз бағытқа қашып кеткен. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Жамбыл облысының ПД қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар бұрын сотты болған Жамбыл облысының 23 және 24 жастағы тұрғындары болып шықты. Жауап алу барысында ұсталғандар кінәсін мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 192-бабының 3-бөлігімен ("Қарақшылық") сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.